БЕКІТЕМІН
Чаглинка негізгі
мектебінің директоры
_______ Б.С. Аукарова
ІШКІ ЕҢБЕК ТӘРТІБІНІҢ ЕРЕЖЕСІ
Осы ереже ҚР Еңбек кодексіне және мектеп – Жарғысына сай құрастырылған, қызметкерлер мен әкімшілік ішкі еңбек тәртібін анықтайды және мектеп қызметімен байланысты т.б. сұрақтарды ретке келтіреді.
Ереже еңбек шарты жасалған барлық қызметкерлерге таратылады.
Қызметкерлердің міндеттері лауазымдық нұсқаулар мен еңбек шарттарымен анықталады. Еңбек тәртібін бұзушыларға тәртіптік жазалар қолданылады.
1.2. Мектептің педагог қызметкерлері сабақ және қоңырау уақытында оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне толық жауап береді. Оқушылар жарақаттанған кезде әкімшілікке медбикеге дер кезінде хабарлау тиіс.
1.3. Оқушыларды кабинетте жалғыз қалдыруға тыйым салынады.
1.4. Педагогтар оқушыларды сабақтар аяқталғаннан кейін ата-аналардың келісуімен келесі жағдайларда қалдыруға болады:
1.5. Педагогикалық кадрлардың аттестаттау туралы ережесіне сай педагогтар бес жылда 1 рет аттестаттаудан өтеді.
1.6. Мектептің әкімшілігі мұғалімнің шығармашылық жұмыстарына жағдай жасайды.
1.7. Мектеп жұмысы екі ауысымда жүргізілсін.
Педагогтар мен қызметкерлердің жұмыс уақыты және оны қолданылуы
2.1. Мектепте жұмыс апталығы 6 күндік белгіленген, жалпы жұмыс уақытының ұзақтылығы 40 сағаттан аспайды.
2.2. Педагогтардың сабақтарының жүктемесін кәсіподақ комитетінің келісімімен мектеп директоры бөліп, белгілейді. Жүктеменің көлемі, ережеге сай, оқу жылының барысында жарты жылдықтар бойынша тұрақты.
2.3. Штаттық кестеде енгізілген қызметкерлерді жұмыс уақытының ұзақтығы – 8.30 ден бастап 18.00 дейін орнатылған.
2.4. Директордың оқу, тәрбие, шаруа жөніндегі орынбасарларының жұмыс уақыттары 8 сағаттан асуы мүмкін.
2.5. Мұғалімдер сабақтың басталуына дейін 20 минут бұрын келулеріне міндетті. 1-4 сынып жетекшілері оқушыларды мектепте қарсы алу керек.
2.6. Мұғалімдер қоңыраумен жұмысқа кіріседі.
2.7. Сынып жетекші өзіне сеніп тапсырылған сыныптың оқушыларын ыстық тамақпен ұйымдастыруына жауапты.
2.8. Апта сайын мектепішілік кезекшілік өткізіледі. Кезекші сынып:
- келмеген оқушылар туралы мәлімет жинайды;
- тамақтануды ұйымдастыруға көмектеседі;
- үзіліс уақытында оқушылардың шулап кетпеулерін қадағалайды;
- гардеробтың реттілігін қамтамасыз етеді.
Кезекші мұғалім бекітілген кезекші мұғалімнің лауазымдық міндеттерін орындауға міндетті.
2.9. Демалыс күндері жұмыс уақыты болып есептелмейді.
2.10. Педагогтарға және басқа да қызметкерлерге тыйым салынады:
- өзінің көзқарасына қарай сабақ кестесін өзгертуге;
- оқушыларды кабинетте жалғыз қалдыруға;
- педагогикалық этиканы бұзуға;
- оқушыны сабақтан шығарып жіберуге;
- жұмысты себепсіз босатуға;
2.11. Оқу мен тәрбие меңгерушілері мұғалімдер мен оқушыларды уақытында сабақ ауысуы туралы ескертеді.
2.12. Мектептің барлық қызметкерлері сырқаттанған және тағы да басқа жағдайларда әкімшілікті алдын-ала бір күн бұрын есертуге міндетті.
2.13. Мектепте бірқалыпты педагогикалық ереже мен тәртіп белгіленеді.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.