"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Чаглинка станциясының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа станции Чаглинка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хаттама

19.07.2022

Чаглинка станциясының негізгі  орта мектебінің

«Қамқоршылық кеңес» отырысының

ХАТТАМАСЫ №1

Өтілген күні: 10.09.21 ж.

Қатысқандар: мектеп әкімшілігі, ата-аналар, жергілікті мекеме қызметкерлері

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

  1. Мектеп қамқоршылық кеңесінің құрамын бекіту.
  2. ҚК Төрағасын, ҚК Төрағасының орынбасарын, ҚК хатшысын сайлау.
  3.  2021-2022 оқу жылына арналған ҚК жұмыс жоспарын бекіту

 «Мектепке жол» акциясының қорытындысы туралы.

Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша мектеп директоры Аукарова Б.С. сөз алып, жиналысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 22.12.2016 жылғы №715 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ережемен таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестік , бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылатындығын айта келіп, міндеттеріне тоқталды.

  1. Жалпы білім беру ұйымының жұмысының айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау.
  2. Жалпы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көбейту.
  3. Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.
  4. Мектеп органдарының жұртшылықпен тиімді қарым-қатынасы үшін жағдай жасау.
  5. Мектептің білім берушілік, қаржылық, кадрлық әлеуетін күшейту.
  6. Қаржыландырудың қосымша көздерін мектепке тартуға жәрдем беру.
  7. Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.

2-мәселе бойыншща мектеп директоры қамқоршылық кеңестің қосымша бюджеттен тыс қаржыларды тарту және жұмсау түрлері мен тәртібіне, Қамқоршылық кеңесінің құқықтары мен міндеттеріне, оның қағидаларына, сонымен қатар кеңестің құрамына тоқталып өтті.

Сөз алған ата-аналар комитетінің төрайымы Сайфутдинова А.Р. Қамқоршылық кеңес құрамына кімдер ену керектігіне, олардың функционалдық міндеттеріне тоқталып өтті.

Үшінші мәселе бойынша 2021-2022 оқу жылына арналған Қамқоршылық көмек жұмысына жылдық жоспар құрылуы талқыланды.

Жиналысқа қатысушылардың ортақ ұсынысымен төмендегі тұлғалар Қамқоршылық кеңестің мүшесі болуға ұсынылды.

Қамқоршылық кеңес төрайымы: Махмутова Р.К.

Қамқоршылық кеңес төрайымының орынбасары: Аукарова Б.С.

Хатшы: Мамбетова М.К.

Қамқоршылық кеңестің мүшелері:

  1. Алхатов К.Ж.
  2. Кульмаганбетова Г.Н.
  3. Уаисов А.Ж.
  4. Сайфутдинова А.Р.
  5. Курсанова Г.Н.
  6. Салихова Ж.К.

 

 

Шешімі:

  1. Қамқоршылық кеңестің ережесіне сәйкес Чаглинка станциясының негізгі орта  мектебінде құрылған кеңестің жұмысы жандандырылсын.
  2. Қамқоршылық кеңес құрамын ұсынылған тұлғалар кеңес мүшелігіне сайлансын.


 


 

Қамқоршылық кеңес төрайымы: Махмутова Р.К.

                                                             Хатшы: Мамбетова М.К.

Чаглинка негізгі мектебі

Қамқоршылық кеңес отырысына

хаттама № 2

Күні: 20.12.2021ж
Барлығы: 9 адам

 Қатысқаны: 9 адам
Күн тәртібінде:
1. Тұрмысы төмен отбасынан шыққан оқушыларды кеңсе керек-жарақтарымен және киіммен қамтамасыз ету нәтижелері туралы; «Қамқорлық» акциясына қатысу.

2.Аз қамтылған отбасы балаларына сыйлықтар жинауды ұйымдастыруға көмектесу.

3.Конькимен сырғанауды орнату және оған қызмет көрсету, жаңа жылдық жарықтандыруды орнату, жаңа жылдық костюмдерді тігу.

4.Жаңа жылдық мерекеге мектепті безендіруді ұйымдастыруға көмек.
Тыңдалды:
1.Қамқоршылық кеңесінің төрайымы –Махмутова Р.Қ. «Қамқоршылық кеңесі» құрамын ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік Ережелерінің» негізінде мектепте көрсетілген қайырымдылық көмектің ұйымдастырылып, жұмыс өз деңгейінде атқарылды. Еліміздің болашағы – балалар демекші , біз жетімін жылатпаған халықпыз . « Ұлым дейтін елім болмаса , елім дейтін ұл қайдан шықсын » - деген екен А. Байтұрсынов . Осындай іс – шараға ат салысқан ізгі жандарымыздың игі істері, қамқорлығы жалғасын табатынына сенімдіміз . Көмек қолын созған кісілерге алғысымыз шексіз. Еңбекте істері өрге бассын демекпіз!
 Тыңдалды:әлеуметтік педагог Уаисов А.Ж. өткізілген акциялар есебімен таныстырды.  Мектепішілік «Қайырымдылық»  акциялары өткізілді,оқушылар тәтті тағамдар пісіріп жәрмеңке ұйымдастып, түскен  ақшаға көпбалалы отбасыларға кеңсе керек- жарақтары әперілді.

2.Кенжитаева Айгерим – қамқоршылық кеңес мүшесі:
-Мектеп жұмысына әкімшілік тарапынан бақылау ұйымдастырылған. Оқушыларды біліммен, тәрбиемен қамту дұрыс жолға қойылған. Мектепте әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 19 оқушы, балаларға сыйлықтар жинауды ұйымдастыруға көмек көрсету үшін демеушілерді тартып, оқушыларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау керек.Өз тарапымнан жұмыс істеп жатқан ұйымнан тәтті –дәмділерге белгілі мөлшерде көмек болады.


3.Сөз алды: ДТЖО Мамбетова М.Қ. Конькимен сырғанауды орнату және оған қызмет көрсету, жаңа жылдық жарықтандыруды орнату, жаңа жылдық костюмдерді тігу немесе жалға алу бойынша мектеп мұғалімдері ұйымдастырады.Ер мұғалімдер конькимен сырғанауды және орнын дайындауды өз мойындарына алды.

4. Тыңдалды: Курсанова Г.Н. Жаңа жылдық мерекеге мектепті безендіруді ұйымдастыруға көмекті ата-аналар көрсетті.Әр сыныптың оқушылары үйлерінен  қажетті заттарды әкеліп, мектепті безендірді.
 

 

 Қамқоршылық кеңесі отырысының шешімі:
1. «Қамқоршылық кеңесі» жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.
2. Демеушілер мен меценаттарға қатынас хаттар таратылып, жұмыстары
күшейтілсін.

 

 

Төрайым:               Махмутова Р.Қ.

   Хатшы:                Мамбетова М.Қ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Чаглинка негізгі орта мектебі

Қамқоршылық кеңес отырысына

хаттама № 3

Күні: 01.03.2022ж
Барлығы: 9 адам

Қатысқаны: 9 адам
                                                           Күн тәртібінде:

  1. Көктемгі іс -шаралар өткізу және оқушылардың демалысын өткізу туралы
  2. Мектептің қосымша білім беру жүйесінің жағдайы мен даму перспективаларын бағалау
  3. Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік бағдарламаға қатысу.
  4. Наурыз-мейрамды мерекелеуге арналған іс-шараларға қатысу.

 

 

  1. Тыңдалды: ДТЖО Мамбетова М.Қ.

Наурыздың 1-і мен 21-і аралығында «Наурыз мейрамы» мерекесіне дайындық: мектеп мұражайларының экспозицияларын жаңарту, ішкі бөлмелерді, , мектеп ауласын жинап, тазалау, сенбіліктер, еңбек десанттары, ағаштар мен бұталар отырғызу, талдарды әктеу, спорт ойын алаңдарын сырлау.Көктемгі демалыс кезеңінде жұмыспен қамтуды ұйымдастыру жөніндегі дайындық жұмыстарын жүргізу: көктемгі демалыс күндеріндегі жалпымектептік іс-шаралар жоспарын, спорт залы мен компьютер сыныбының жұмыс кестесін әзірлеу, үйірмелер мен секциялардың сабақ кестелерін әзірлеу, оқушылар мен ата-аналарға арналған қабырғалықты ресімдеу. Көктемгі демалыс күндеріндегі жұмыспен қамтылу нысаны туралы ата-аналарды ата-аналар жиналыстарында, оқушыларды мектеп жиналыстарында таныстыру. Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жөніндегі профилактикалық іс-шаралар жүргізу: ықшамаудан бойынша рейдтерге шығу, пәтерлерге бару, мінез-құлқы девиантты оқушылармен әңгімелер өткізу.Құқық қорғау, жол полициясы, денсаулық сақтау органдарының, төтенше жағдайлар қызметінің өкілдерімен кездесулер, судағы және жолдардағы қауіпсіздік техникасы туралы профилактикалық әңгімелер өткізу.

2.Тыңдалды:ДОЖО Кульмағанбетова Г.Н. Мектептің қосымша білім беру жүйесінің жағдайы мен даму перспективаларын бағалау жөнінде сөз алды.

Чаглинка негізгі орта мектебінде 2021-2022 оқу жылында  оқушыларға қосымша білім беру бойынша 1-9 сынып аралығында 15  сағат жаһандық құзыреттілік және таңдау курстары, 2 сағат үйірме жұмыс жасайды. Мектепалды сыныбында қосымша білім беру бойынша 5 сағат. Оқу жылының басынан күнтізбелік жоспар құрылып, бекітілді.Жұмыс кестесі бойынша сабақтар уақытылы өткізілуде.

 

3.Сөз алды :ДТЖО Мамбетова М.Қ. Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік бағдарламаға қатысу туралы жұмыс жопарымен таныстырды.Мерекелік концерт ұйымдастырылады.Жас мамандар мен мектеп оқушылары әр-түрлі іс- шаралар дайындауда.

4.Сөз алды: ата-аналар комитетінің төрайымы Сайфутдинова А.Р.Наурыз-мейрамды мерекелеуге арналған іс-шараларға қатысу туралы ұсыныс білдірді.Ата-аналар ұлттық тағамдар,наурыз көже дайындауға көмек көрсетіндіктерін айтты.Әр сыныптың ата-аналар комитетінің мүшелері ұйымдастырады.Жалпы халықтық мейрам болғандықтан бәріміз бір адмдай ат салысу керек.

Сөз алды .Алексеевка селолық округінің әкімі Алхатов Қ.Ж. өз тарапынан поселокта орналасқан сауда орнындарының Наурыз мерекесін атап өтуге көмек көрсететіндігін айтып өтті.

 

Қамқоршылық кеңесі отырысының шешімі:
1. Бүгінгі көтерілген мәселелер бірауыздан қабылданып,кеңес құрамы мектепішілік іс-шараларға белсенділік танытсын.
2. Қамқоршылық кеңестің жұмысын одан әрі жандандыру,қайрымдылық жұмыстарын жүргізу алға қойылсын.

 

 

Төрайым:               Махмутова Р.Қ.

   Хатшы:                Мамбетова М.Қ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                Чаглинка негізгі орта мектебі

Қамқоршылық кеңес отырысына

хаттама № 4

Күні: 03.05.2022ж
Барлығы: 9 адам

Қатысқаны: 9 адам
                                                           Күн тәртібінде:

 

  1. 2021-2022 оқу жылының барысы туралы есеп.
  2. 2022-2023 оқу жылына қамқоршылық кеңестің жұмысын жоспарлау туралы.
  3. Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру және тіркеудің барлық түрлерінде жүрген оқушыларды жұмысқа орналастыру туралы.

 

Тыңдалды:Қамқоршылық кеңестің төрайымы Махмутова Р.Қ.

 2021-2022 оқу жылында жоспар бойынша атқарылған жұмыс бойынша есеп берді. Қамқоршылық кеңес мектеппен тығыз байланыста болды.Ата-аналар комитеті және мұғалімдер ұжымының белсенділігін атап өтті.

 

2.Қамқоршылық кеңестің мақсаты мен міндеті туралы таныстырып өтті.) қамқоршылық кеңестің мақсаты:білім беру ұйымына қолдау көрсету,қаржылық қолдауды қамсыздандыруда ,материалдық –техникалық базасының нығайуына септесу,сондай-ақ ,оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу екенін айтты .Қамқоршылық кеңесі жұмысының бағыттарымен функцияларымен де таныстырып өтті.Қамқоршылық кеңесінің бағыттары:білім беру ,әлеуметтік-мәдени ,сауықтыру ,дамыту бағыттарындағы іс –шараларға көмек көрсету.Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылардың тұрмыс жағдайларымен мен жұмыспен қамтылуын жақсарту.Білім беру ұйымдарының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу мен білім беру ұйымы басшылығының қамқорлық кеңесі алдындағы есебін тыңдап қабылдау керектігі туралы айтты.

 

3.Тыңдалды:Әлеуметтік педагог Уайсов А.Ж. шығып сөйлеп,жалпы ата-аналар жиналысында  қамқоршылық кеңесінің мүшелері сайлану керек, жаңа оқу жылында кеңес құрамында  жергілікті атқарушы  және құқық қорғау өкілдері,комерциялық емес ұйымдардың өкілдері ,ата-аналар  комитеті ұсынған әр сынып ата-аналары,қайырымдылық жасаушы (спонсорлар) болу керектігін айтып өтті.Аталмыш оқу жылында біршама жұмыстар атқарылды.

 

 

4.Сөз алды:мектеп басшысы Аукарова Б.С. 2021-2022 оқу жылында қамқоршылық кеңестің атқарған жұмыстарын саралай келе, кеңес төрайымына және құрамына алғыс білдірді. Келесі оқу жылында кеңес құрамы мектеппен үнемі тығыз байланыста болуына,спонсорлардың мектептің материалдық базасының нығайуына өз үлестерінін қосатынына сенім білдірді.

 

 

 

 

 

Қамқоршылық кеңесі отырысының шешімі:
1.  «Қамқоршылық кеңесі» жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.
2. Қамқоршылық кеңестің жұмысын одан әрі жандандыру,қайрымдылық жұмыстарын жүргізу алға қойылсын .

 

 

 

Төрайым:               Махмутова Р.Қ.

   Хатшы:                Мамбетова М.Қ.

 

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 19.07.2022 14:52
Құрылған күні: 19.07.2022 15:26

Текст