"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Чаглинка станциясының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа станции Чаглинка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Біздің қоғамымыздың дәстүрлі құндылықтары»

04.04.2019

                                     «Біздің қоғамымыздың дәстүрлі құндылықтары»

                                                   (ата-аналармен кездесу)

 

    Құрметті ата-аналар қазақ халқының дәстүрлі құндылықтарының бірі ол қазақ халқының ұлттық ойындары. Бұл ұлттық ойындар балалардың тірек қимыл жүйесін, ақыл ойын, ұлттық сана-сезімін дамытуға көп көмек көрсетеді. Сондай ұлттық ойындармен сіздерді таныстырып кетейін.

                                    Ұлттық ойындар.

        Адам өмірінде ойындардың алатын орны ерекше « Бала ойынмен өседі »

деген сөз жайдан-жай айтыла салмаған. Адамның өсіп жетілуі үшін, тұрмыс-тіршілікте қажетті дағдыларды меңгеруде қимыл-қозғалыс ойындары үлкен маңызға ие болады. Қозғалыс қимыл ойындарының көпшілігі бір-біріне ұқсас болғандықтан өткен сыныптарда меңгерген ойындарды күрделілендіре отырып, сабақтар мен жеке жаттығулар кезінде пайдалануға болады.

       Қазақ халқында көптеген қозғалыс ойындарымен қатар, көрермендерді көптеп тартатындай, ұлттық ойын түрлері жеткілікті. Біздің мақсатымыз – сол ойындарды дене шынықтыру сабағына қатыстыру.

                                      Қазақша күрес.

       Қазақша күрес-халқымыздың ежелгі спорттарының бірі. Онда грек, рим, самбо күрестерінің айла-тәсілдері кездеседі. Күрестің бұл түрінен жарыстар 1938 жылдан бастап өткізіліп келеді. Алғашқы спартакиадалық жарысқа 1938 жылы барлық салмақ категориялары қатысты.

      Республиканың алғашқы жеңімпаздары Құрманбаев (Алматы), Досқалиев

(Батыс Қазақстан), Мусин (Павлодар) болды. 1940 жылы бес салмақ категориясы анықталды. 1944 жылдан бері қазақша күрестен Қазақстан чемпионаты өткізіліп келеді. Ал 1973 жылдан бері қарай Орта Азия мен Қазақстан біріншілігінің өтуі дәстүрге айналып келеді. 1974 жылдан бері екі мәрте Социолистік Еңбек Ері Ж. Қуанышбаев атындағы жүлде үшін осы күрес түрінен жарыс өткізілуде.

       Қазақша күрес ережелерімен айла-тәсілдерінің бекіп дамуына әйгілі спорт шебері, атақты палуан Әбілсеиіт Айханов зор еңбек сіңірді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы П.Матущак пен М. Болғанбаев «Қазақша күрес» туралы оқулық кітап жазып шығарды.

      Қазақша күрес тарихында Республиканың бес дүркін чемпионы, Орта Азия Республикаларымен Қазақстанның жеңімпазы, Балқаш мыс қорыту заводының слесарі Әлімшайхы Сіләмбаевтің, екі мәрте Қазақстан чемпионы және Орта Азия республикаларының жеңімпазы, Қарағанды көмір шахтасының бөлім бастығы Клан Бақажановтың, республиканың абсолюттік чемпионы, Семейлік Нариман Садуақасовтың аттары өшпестей жазылып қалды. Ал күрестің әйгілі жеңімпаздары – Ахметжан Қазымбетов, Әбілсейт Айханов, Қабден Байдосов, Аманжол Бағыбаевтар – күрес жолын осы қазақша күрестен бастаған болатын.

      Күрес арқылы Қазақ халқын өзгелерге танытқан халқымыздың біртуар ұлдары Қажымұқан мен Балуан Шолаққа (шын аты Нұрмағанбет) ақйық ақын Сәкен Сейфуллин Мынадай өлең жолдарын арнаған:

                                          Қажымұқан     

                   Күресте жер жүзінде жеке дара,

                         Талай дәу қыла алмаған ешбір шара.

                       Еуропа, Азиядан асқандарда:

                       Поддубный, Ганс, Гауан, Қазбек, Гора.

                

                       Ожар бет, қара мойын, бейне құлжа,

                       Қылар ед бір салса егер мылжа-мылжа.

                       Шалқиған жауырынды, бұжыр қара,

                       Еңгезер, үйелмен дәу, тартқан құзға.

 

                       Бурабай шонжар, жампоз, жараған дом,

                       Өркеш төс, бюілеу дене шойындай сом.

                       Алпамса, алқам салқам бұлшық етті,

                       Құба жон, алды-артына біткендей қом.

 

                           Тоғыз құмалақ.

      Қазақта кең тараған, өте қызықты, ойлы ойын. Қаратау қазбаларының арасынан табылған тас «Қазан» осы тоғыз құмалақты еске алады. Бұл ойын Қырғызстанда, Монғолияда, Қарақалпақстанда, Өзбекстан қазақтарының арасында, алыс шетел қазақтарының арасында қатты дамыған.

       Бұл бас шынықтыратын ойынды біздің ұлттық «Шахматымыз» десе болғандай. 162 таспен ойналатын осы бір ойлы ойынның жоғалып кетпеуіне кезінде академик- жазушы Мұхтар Әуезов, Халық артисі Қалибек Қуанышбаев, техника ғылымының кандидаты М.Ибраев пен шахматшы Е.Браундардың сіңірген еңбектері зор.

       Тоғыз құмалақтан алғашқы республикалық жарыс 1948 жылы өткізіліп, жарысқа халық ойынының шеберлері Абайдың немересі Ысқақов (Семей), Аңдамас Жөкеев (Қарағанды), Оспан Қаржауов (Семей), Шорман Өтегенов (Жамбыл) сияқты тоғыз құмалақшылар қатысты.

       Республиканың тұңғыш чемпионы Ш. Өтегенов болды. 1948-1960 жылдар аралығында Қазақстан аймағында көптеген біріншіліктер өтті. Осы кезеңдерде қатарынан 6 жыл бойы бірінші орынды В.Поляков пен Қасымов алма кезек жеңіп алып отырды.

       Халқымыздың кемеңгер ақыны Абай кезінде тоғыз құмалақтың аса шебер ойыншысы болған.

 

                                Аударыспақ.

        Аударыспақ- ашық алаңда көгалды жерде ойналатын өте қызықты ойын. Ойныға екі атқа мінген жігіт қатысады. Шабандоздарға белгілі бір уақыт белгіленгені дұрыс. Осы уақыттың ішінде екеуі бірін бірі аттың үстінен аударып түсіруі керек. Егер бірін бірі жеңе алмаса онда ортаға келесі екі атты ойыншы шығады. Ал жеңіске жеткен жігіт ойын шарты бойынша келесі жеңімпазбен бәсекелеседі. Осылай ойын соңғы жеңімпаз анықталғанша жалғаса береді. Бұл ойынды дене шынықтыру сабағында командалық жарыстарда қолдануға болады.

 

                                             Көкпар. 

       Көкпар – көк борілер жарысы немесе көк бөрілір таласы. Қазақта «Мына жігіт-қасқыр жігіт екен» деген сөз бар.

        Сонымен, көкпар ойыны – көк бөрілердің, мықты, қасқыр жігіттердің тартысы деген сөзден шықса керек. Ат үстіндегі қарсыластар екі топ арнайы бауыздалып, көкпарға тігілген ешкіні тартып алып қашады.

        Көкпар ойынында жігіттің мықтылығы , батылдығы , алғырлығы, төзімділігі, тапқырлығы,ептілігі, шапшаңдығы, қасиеттері сынға түседі. Сонымен қатар оның ат үстіндегі шеберлігі мен атты еркін билеитіндігі көзге түседі. Көкпар жігітке ғана емес сонымен бірге атқа да сын. Жігіт пен ат бір-біріне сай болуы керек.

       1958 жылы 6-10 мамыр аралығында Мәскеуде көкпардан 1-ші Бүкілодақтық жарыс өткізілді. Содан бері спорттың бұл түріне көбінесе Орта Азия республикалары мен Қазақстан қатынасады және соңғы жылдары осы республикаларда жарыс өткізіледі.

                      

                                         Бәйге.

        Ұлттық спорттың ең көп тараған түрі-бәйге.

        Қазақстан аймағында қысқы және орташа қашықтыққа шабатын ат жарыстары мерекелер кезінде жақсы ұйымдастырылып тұрады.

        Қазақта ұзақ қашықтыққа шабатын аса жүйрік аттар аламан бәйгеге қатыстырылады. Ежелгі қазақта ондай аттар 90-100 шақырым жердің абшысын қуырған. Қазіргі кезде Қостанай жылқысының тұқымы аламан бәйгеде жақсы көрсеткіштерге жетіп жүр. 1953 жылы осындай ұзақ қашықтықта Қастек қой шаруашылығының шабандозы Қастекбай Рахметжанов бір тәулікте 311,6 шақырым жерді шауып өтіп, Кеңес Одағы көлемінде аса жоғары көрсеткішке жетті.

       Қостанай жылқысының тұқымы жеті шақырымды тоғыз минутта шауып өтті. Бұл рекордты кезінде Кеңес Одағында Н. Попов жеңіп алған.

       Қазақта аламан бәйге аса құрметті орын алады. Оның құдіретті мысалы ретінде Ақан Серінің атақты Құлагері тарихта қалды. Халқымызда ат баптау аса қатты бағаланады. Ұлтымызда Ақан сері ақын, сазгер ғана емес, жүйрік ат пен қыран құстың баптаушысы болған. 

       Осы және басқа да ұлттық ойындар адамның тірек-қимыл жүйесін дамытып ақыл ойының қалыптасуына көмектеседі, сондықтанда сабақта осы ойын элементтерін пайдалану біздің оқушыларымыздың денсаулығын ғана жақсартып қоймай, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрімен таныстырады. 

Просмотров: 438


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст