Қазақ ертегісін сахналау
«Мақта қыз бен мысық» ертегісі
(Естиярлар тобы)
Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық»
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Көркем әдебиет.
Сабақтың мақсаты:
Ертегілер туралы білімдерін күшейту.
Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізу.
Баланың сөздік қорын дамыту, сөз өнеріне деген құрмет.
Балаларды еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: сұраққа жауап беру, «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлердің рөлін сомдау.
Қажетті нәрселер: Ортада үстел үстінде ыдыстар, қатық, сыпырғыш, инеағаш, маскалар, ағаш, тауық маскасы, тышқан киімі, шелек, мысық киімі, дүкен, сиыр киімі, мейіз, тары,қайшы.
Ұйымдастыру кезеңі: Ал балалар, бүгінгі күн ерекше күн, себебі, біздің тобымызға көптеген апайлар қонаққа келді. Қане, сол қонақтармен сәлемдесейікші:
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
- Балалар, енді бүгінгі ертегіміз ерекше болғалы тұр, кәне маған қараңдар.
Ертегі дегеніміз не екенін білесіңдер ме?(жауап)
Қандай ертегілерді білесіңдер?(жауап)
Өте жақсы, бүгін ертегіні оқып, түсініп, біліп қана қоймай ертегі кейіпкерлерінің рөлінде өзіміз ойнап көрсетеміз. Бұл ертегі Ыбырай Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.
Залда «Ерте, ерте, ертеде» өлеңі орындалады.