"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Чаглинка станциясының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа станции Чаглинка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кукольный театр

22.02.2017

Тақырыбы: «Бауырсақ» және «Мақта қыз бен мысық» ертегісі

Мұғалім: Балалар бүгін көңіл - күйлерің қалай?

Дид-ойын: «Аңды суреттеу

арқылы тап»

Шарты: Бір бала ортаға шығып теріс қарап

тұрады, қалғандары көрсеткен аңды суреттейді. Ортада тұрған бала жауабын

айтады.

Балалар, сендер ертегі тындағанды жақсы көресіндер ме?

Жақсы көреміз

-Ертегілер

әлемін қандай деп ойлайсыңдар?  Сиқырлы,

ғажайып

-Ендеше ғажайып ертегілер әлеміне тезірек барайық. Ол

үшін мынандай тапсырма орындау керек: мұқият тыңдаңдар «Мен атамнан да қаштым,

мен апамнан да қаштым».

-Бұл

қандай ертегі?  «Бауырсақ» ертегісі

Дұрыс

«Бауырсақ ертегісі»                                                                            

Балалар, бауырсақ неден жасалады?

(Ұннан) 

-Ұн неден алынады? (Бидайдан) 

 Тәрбиеші: Бауырсақтың түсі қандай? 

Бауырсақ: Сары. 

Тәрбиеші: Бауысақтың пішіні қандай? 

Бауырсақ:  Домалақ, шеңбер. 

Ұннан жасалатын тағамдар: Бауырсақ. Нан. Торт. Печенье. Бәліш. Түрлі макарон

өнімдері. 

Музыка

ойнайды: «В гостях у сказки».

Қуыршақ театрының «Бауырсақ» ертегісінің қойылымын көрсетуі.

Қорытындылау: 

- Балалар ертегі сендерге ұнады ма? 

Ертегінің мазмұны не жайында екен? Ал,

енді балалар, ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді айыру үшін мынадай

тапсырмалар орындайық. 

Неліктен бұл жерде аю, қасқыр, жағымды кейіпкерлерге жатады? (Өйткені олар

бауырсақты жеген жоқ.) 

- Өте жақсы! 

- Ал, түлкі ше? 

-Түлкі қу, айлакер. 

Жағымды-Жағымсыз 

- Хайуанаттар туралы қандай ертегілер оқыдың?

- Хайуанаттар туралы « Түлкі мен Ешкі» ертегісін оқыдым.

- «Түлкі мен Ешкі» ертегісінің бас кейіпкерлері кім?

- «Түлкі мен Ешкі» ертегісінің басты кейіпкерлері түлкі мен ешкі.

«Қаңбақ шал» ертегісінен ұнаған сюжеттің суретін салып әкеліп, оның мазмұнын

айту.

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі

Просмотров: 360

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст